ШЕКТЕЛМЕГЕН ОБЛЫСТА ПОЛЯРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР БЕЛЬТРАМИТЕҢДЕУІ ҮШІН ҚОЙЫЛҒАН БАСТАПҚЫ-ШЕКАРАЛЫҚ ЕСЕП ТУРАЛЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Сингулярлы коэффициенттері бар бірінші ретті дербес дифференциалдық теңдеулер жүйелеріне қойылғаншекаралық есептерді зерттеу екі бағытта қарастырылады. Біреуінің коэффициенттерінде сингулярлық нүкте бар, ал екіншісінде сингулярлы сызықтар бар. Бұл жұмыста ақырсыз облыста берілген полярлық ерекше нүктесі бар Бельтрами теңдеуі үшін қойылған бастапқы-шекаралық есеп шешілген. Қарастырылған теңдеудің коэффициентерінің координаталар бас нүктесінде бірінші ретті полюстері бар және олар 𝐿2(𝐺)класында жатпайды. Сондықтан И.Н.Векуаның аналитикалық аппаратымен қамтылмаған және жеке зерттеуді қажет етеді. Есептің шешімін табу үшін функционалдық анализ және комплекс айнымалыға байланысты функциялар теориясының әдістерімен ұштастыражасалған Ә.Б.Түнғатаровтың зерттеу әдістемесі пайдаланылды. Нәтижесінде полярлық ерекшелігі бар Бельтрами теңдеуіне қойылған бастапқы-шекаралық есептің шешімінің бар болу шарттары табылды және үзіліссіз шешімдері айқын түрде құрылды.