ТҰРМЫС-САЛТ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ ДАЛАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ КӨРІНІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp164-173
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақтың тұрмыс-салт ертегілеріндегі далалық дүниетанымның әлемнің тілдік бейнесіндегі көрінісін зерттейміз. Қазақтың халық ертегілерінің ішінде тұрмыс-салт ертегілердің алатын орны ерекше. Көне кезеңнен бастап, кейінгі уақытқа дейінгі халық тіршілігінің, дүниетанымының, мінезінің, жақсылық пен жамандық туралы түсінігінің әр алуан жақтары осы ертегілерде кеңінен суреттелген. Сонымен бірге тұрмыс-салт ертегілерде өз өмірін жеңілдету мүддесі де жатады. Ең бастысы, арманы мен мүддесі қабыса келе мұратқа жетудің жолдары қарастырылады. Жақсылықты жеңгізбейтін қазақ ертегісі мүлде жоқ. Шындық оқиғалардан бастау алатын ертегінің негізгі көздегені – жақсылық жасау арқылы арман-мақсатына жету. Негізгі бөлімде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақтың ертегілеріне сараптама жасаймыз. Тұрмыс-салт ертегілерде қиял ғажайып оқиғалар, фантастикалық кейіпкерлер мейлінше аз кездеседі. Алайда бұл мүлде болмайды деген сөз емес. Көбінесе, оқиғаның шарықтау шегінде әрекетті мейлінше күрделендіріп, тыңдаушыны қызықтыра түсу үшінде фантастикалық кейіпкерлер ішінара кездесіп отырады. Жақсылық пен мейірімділікке үндейтін мұндай ертегілердің негізгі кейіпкерлері жезтырнақ немесе мыстан кемпір емес, жалғыз көзді дәу немесе жеті басты жалмауыз емес, қарапайым адам болады. Қарапайым адам жақсылық жасап жүріп-ақ, игілікке, мұратына жетеді. Қорытынды бөлімде қазақтың тұрмыс-салт ертегілеріндегі далалық дүниетанымның әлемнің тілдік бейнесіндегі көрінісіне талдау жасап, тұжырым жасаймыз. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік пікірімізді білдірдік.