«ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫНЫҢ» ӘЙЕЛДЕРІ (Төлебаева Хадиша № 0631-іс, Майлина Күлжамал № 04613- іс құжаттары негізінде)

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2024.06.02
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Зерттеудің мақсаты - сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған «халық жаулары» отбасы мүшелерінің өмірін құпия сақталып келген НКВД сот-тергеу материалдары негізімен баяндау. Мақалада тоталитарлық жүйенің алаштың ардақты азаматтары Төлебаев Мырзаханның, Майлин Бейімбеттің жұбайлары және отбасы мүшелеріне көрсеткен қиянаты баяндалады. Бұл фактілік құжаттар ғылыми айналымға алғаш рет енгізілуде. Жұмыстың жаңалығы - жаңа фактілік материалдардың мәселеге пәнаралық тоғыста қарауға мүмкіндік беруі. Пайдаланылған деректер легі басым түрде құпиясыздандырылған құқық қорғау органдары құжаттарынан (НКВД СССР) тұрады. Айыпталушылардың жеке істеріндегі құжаттар, «халық жауларының» әйелдерінің қамаудағы ауыр өмірін, оның бостандыққа шыққан соң да оңалуға мүмкіндік бермеген соншалықты өміршең билік жүйесінің қылмыстарын көрсетеді. «Аса құпия» сақталған құжаттардың ғылыми айналымға тартылуы бізге дейін зерттелген бұл тақырыптағы еңбектер қатарын толықтыра түспек. Жұмыстың нәтижесінде автор, «халық жауларының» әйелдері категориясымен сотталған адал жандардың отбасы тарихы шағын мақаламен шектелмейтін, алдағы уақытта зерттеушілер үшін бұл әлі де күрмеуі толыққанды шешілмеген тың тақырыптардың бірі деген тұжырымға тоқталады.