Аңдатпа
Суару жүйелері мен олардың элементтерінің техникалық жағдайын бағалау көрсеткіштері мен критерийлері қарастырылып, олардың нормативті мәндері келтірілген. Суару жүйелерінің, каналдар мен құрылымдардың гидравликалық тиімділігі мен пайдалану сенімділігін бағалаудың негізгі критерийлері ұсынылған. Мысал ретінде Күрті су қоймасы маңындағы Күрті суару массивінің каналдарын зерттеу және оның техникалық жағдайын бағалау нәтижелері келтірілген. Суару жүйесі каналдарының пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) жүйе жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады және суды бөлуді басқаруда маңызды рөл атқарады. Суару суының ысырабын барынша азайту, су алу және оны тасымалдау көлемдерінің сақталуын қамтамасыз ету – өте маңызды міндет. Егістіктерді суару мақсатында жұмсалатын «тасымалдау – тарату – суару» технологиялық циклі бойынша суару көзінен бастап келесі су ысыраптарынан құралады екен: а) магистральдық су құбырлары (каналдар, құбырлар) бойынша; б) суармалы жерлерде. Су шаруашылық мен суару каналдарының жалпы су ысыраптары келесі ысыраптардан тұрады екен: сүзілу – 40%, булану – 3%, құрылымдар мен ақаба су ретінде ағып кету – 17%. Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық материалдарын талдау және ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша суару жүйелеріндегі ысыраптар су көзінен алынатын су мөлшерінің 50-65%, оның ішінде каналдардан сүзілу кезіндегі ысыраптар 45%-дан 55%-ға дейін, булану шығыны 5%-дан 10%-ға дейін жететіндігін көрсетті.