БҰЗАУЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН ФИТОПРЕПАРАТТЫҢ ҚАННЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53729/mv-as.2024.01.14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Regular consumption of nuts has a positive effect on the cardiovascular system. Studies by many scientists have shown that medicinal substances from these walnuts create conditions for maintaining vascular elasticity, lowering blood pressure and increasing the tone of the heart muscle. The pineal hormone melatonin, which is contained in walnuts, contributes to the adaptation of the body's skin to sunlight, increases mood, and, in addition, normalizes sleep. This article discusses the norm of the digestive system of calves under the influence of phytopreparations,morphostructural features during the pathological process. During the morphological, biochemical and immunobiological studies carried out, data were obtained indicating that there are pathologies in the digestive system of cubs that affect the decrease in animal productivity. Valuable data have been obtained on the therapeutic and preventive effectiveness of phytopreparation tincture used in gastroenteral pathology of the digestive system. Immunological studies have shown that under the influence of a therapeutic drug, the activity of cell elements in immune organs increases. With pathologies of the digestive system in calves, metabolic disorders of protein, a decrease in the indicators of the form elements of blood are revealed. The drug used contributed to the normalization of blood hematological indicators, ensuring a decrease in leukocytes to 8.8x109/L,an increase in erythrocytes by 1.5%, total protein by 3.7%, globulins - by 8.4%. Жаңғақты үнемі тұтыну жүрек-қан тамырлары жүйесіне жағымды әсер етеді. Көптеген ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, бұл грек жаңғағынан алынған дәрілік заттар тамырлардың серпімділігін сақтауға, қан қысымын төмендетуге және жүрек бұлшық етінің тонусын арттыруға жағдай жасайды. Жаңғақ құрамындағы эпифиз гормоны мелатонин ағза терісінің күн сәулесіне бейімделуіне, көңіл-күйдің жоғарылауына ықпал етеді, сонымен қатар, ұйқыны қалыпқа келтіреді. Бұл мақалада фитопрепарат әсерінен төлдердің ас қорыту жүйелері нормасы,патологиялық процесс кезіндегі мофологиялық құрылымның ерекшеліктері қарастырылады. Жүргізілген морфологиялық, биохимиялық және иммунобиологиялық зерттеу барысында төлдердің ас қорыту жүйесінде жануарлардың өнімділігінің төмендеуіне әсер ететін патологиялар бар екенін көрсететін мәліметтер, ас қорыту жүйесіндегі гастроэнтеральды патологияда қолданылған фитопрепарат тұнбасының емдік-профилактикалық тиімділігі жайлы құнды деректер алынды. Иммунологиялық зерттеулер көрсеткендей емдік препараттың әсерінен иммундық органдардағы жасуша элементтерінің белсенділігі артатындығы дәлелденді. Бұзаулардағы ас қорыту жүйесінің патологиясы кезінде ақуыздың метаболикалық бұзылулары, қанның формалық элементтері көрсеткіштерінің төмендеуі анықталды. Қолданылған препарат қанның гематологиялық көрсеткіштерінің қалыпқа келуіне ықпал етіп, лейкоциттердің 8,8х109/л дейін төмендеуін, эритроциттердің 1,5%, жалпы ақуыз 3,7%, глобулиндер - 8,4%-ға дейін жоғарылауын қамтамасыз етті.