ЮНУС ЭМРЕ МҰРАСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ МОТИВТЕРДІҢ АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАЙЫНДА

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1437705
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Сопылық поэзияның тезаурусын құрайтын ашық (ғашық), дерт, мүскін, ғаріп, бейшара, жан (мен), тән (менікі, жанның мүлкі) сияқты сөздердің мотивтік бірліктерге негіздеме ретінде алынатын қызметі Юнус Эмре поэзиясына да, Абай мұрасына да тиесілі дәстүр. Солай бола тұра екі ақынның дүниетанымына және әлеуметтік контексте қолданысына қарай бұл сөздердің мәні өзінің символдық, таңбалық қызметімен оқшауланып тұрады. Юнус Эмре өлеңдерінде ғашық болудың, дертке шалдығудың, ел кезіп күн кешудің қиындығы сопылық дүниетанымға байланысты болса, Абайда бұл ұғымдардың бәрі де әлеуметтік жүк арқалайды. Абайдың дерті, жан-дүниесінің қиналған жайы, ғаріптік ахуалы тікеден тіке әлеуметтік жүйенің зардапты нәтижесі. Ашық поэзиясындағы ел қыдырған кезбенің бейнесі оның әрекетімен, дертті ахуалымен бірлікте пайымдалады. Кезбе тіршілік ақиқатты іздеген сопының образымен мағыналық үйлесім табады. Кеңістіктегі қаңғыбастың ғашығына қарай ұмтылысы ауыр тағдырмен, сағынышпен, қиындықпен, жүдеу тұрмыспен қосақталған. Кезбе тіршілік ¬– рухани ізденістің, жоғын жоқтаған субъект өмірінің мәнін ашады. Абай болса бұларды символдық мағынаға ауыстырады: «ішем деп бейнет сусынын», «мендей ғаріп кез болса», «іштегі дертті жоярсың» сияқты өлең жолдары жан-дүниедегі қиналыстың мәнін таңбалық жүйемен жеткізген. Бейнелілігі ұқсас болғанымен, арқалайтын мағыналық жүктемесі басқаша. Мақалада Юнус Эмре поэзиясындағы мотивтердың Абай өлендеріндегі трансформациялық өзгерісі, әлеуметтік мәні қарастырылады.