Қазақ тілін оқыту үдерісінде қолданылатын тапсырма түрлері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-142-1-97-105
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі» пәнінен білім беру мен оқу үдерісінде қолданылатын тіл үйрету әдістемесі қарастырылады. Лексика-грамматикалық тапсырмаларды түсіндіру барысында цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі көрсетіледі. Бүгінгі таңда цифрлық технологияларды қолдануға байланысты ақпараттар, ақпараттық ресурстар көптеп саналады. Қазақ тілін оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану мақсатында ресми сайттардағы ресурстарды қолданған тиімді деп санаймыз. Мақалада сабақ барысында ҚР БжҒМ сайтындағы «Пайдалы сілтемелерді» қолдану ұсынылады. Мәтінмен жұмыс жасауда білім алушылар жаңа сөз, сөз тіркестерінің мағынасын анықтап, түсіну үшін «Сөздік қор» айдарын тікелей пайдалануына болады. Сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдана отырып, сабақ тақырыбына сәйкес алынған бейнематериалдағы ақпараттармен жұмыс жасау барысында жаңа сөздерді меңгеретіндей, айтылым бойынша өзіндік ой-пікір, көзқарасын білдіре алатындай, жазылымға байланысты сауаттылықты арттыратындай тапсырма түрлері ұсынылады. Сауаттылықты арттыру мақсатындағы жазылым тапсырмаларын орындауда «Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасын» қолданған тиімді. «Қазақ тілін» оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану – білім алушының сөздік қорын кеңейтуге, ойын еркін жеткізе білуге, ақпараттарды сыни тұрғыдан талдауға, өз пікірін сауатты жаза білуге дағдыландырады.