Ауыл шаруашылығы банкі Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты экономикалық өсуінің инфрақұрылымдық элементі ретінде

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ec2/136-146
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты: Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты экономикалық өсуінің инфрақұрылымдық элементі ретінде ауыл шаруашылығы банкін құру осы салада үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Ауыл шаруашылығын көтерудің бірізді мемлекеттік саясаты, ауылды өркендету мен дамытуға бағытталған ірі нысаналы бағдарламаларды іске асыру ғана өзінің оң нәтижелерін берді. Саладағы түбегейлі бетбұрыс үнемі өсіп келе жатқан мемлекеттік қолдау мен тиімді қаржы саясатының арқасында мүмкін болды. Осы орайда ауыл шаруашылығы маңызды сала және оны дамыту, қаржыландыру ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету болып саналады. Жұмыстың мақсаты — агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты экономикалық өсуінің ерекшеліктерін қарастыру. Әдісі: Ғылыми-зерттеу аясында жалпы танымдық ғылыми-әдістер, яғни қоғамдық өмірді жан-жақты зерттеуге бағытталған құрылымдық-функционалды, жүйелік талдау, талдау және синтез, салыстыру және ұқсастық әдістері қолданылды. Қорытынды: Қазіргі агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты экономикалық өсуінің әртүрлі амал тәсілдері бар. Жаңа өндірістік қуаттарды құруға инвестициялық субсидиялау тетіктерін жетілдіру, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, жеңілдікті қаржыландыру құралдары мен субсидиялау бағыттарын кеңейту, кредиттік серіктестіктер жүйесін институционалдық дамыту арқылы қол жеткізілетін тәсілдерді атап өтуге болады. Осы салада жақсы тәжірибесі бар Германия ауыл шаруашылығы банкінің қызметін салыстыра отыра, анықталған қорытындыларға қол жеткізу. Тұжырымдама: Жүргізілген зерттеу нәтижелері Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты экономикалық өсуінің жаңа жолдарын ұсынған. Агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты экономикалық өсуі бойынша бірқатар мәселелер анықталды және жүргізілген талдау негізінде агро саланы дамыту мүмкіндіктерімен бағыттары айқындалды.