Аңдатпа
Үгіт-насихат, дезинформация, мәліметтерді бұрмалау мемлекеттің ішкіжәне сыртқы саясатына нұқсан келтіретін ақпараттандыру тәсілдері мен технологиялары саналады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары «ақпараттық қоғам» тұжырымықалыптасып, аталған технологиялар қатары медиамен толықты. Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігіне айналып, билік пен медиа байланысының маңызы артты. Араб медиасындағы «әл-Жазира» телеарнасының хабар таратуүлгісі арқылы журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздіктің маңызын, үкімет пенБАҚ байланысының нәтижесін және ақпараттық билік қауқарын зерттеуге болады.Ақпараттық билік өзге билік түрлерімен салыстырғанда, бірқатар айырмашылықтармен өзіндік ерекшеліктерге ие. Атап айтқанда, болған оқиғаны аудиторияға хабарлауарқылы өктемдік сипаты басым (ол басқа билік түрлерінен жоғары тұрады, бірінші тараптың шешімдерін екіншілері орындайды); тілші өз ақпаратын үгіт-насихат ретіндеқолданса, аудиторияның сол манипуляцияға еру ықтималдылығы жоғары; қоғам атынанбилік жүргізу қабілеті; басқарудың әдіс-тәсілдерін меңгерген, осы саламен кәсіби айналысатын адамдар тобының әрекеті; біржақты пікірлерді ұсыну арқылы өзгенің мүддесінжоғары қою; қоғам өмірінің күнделікті тәртібін белгілеу арқылы жеке-дара басқарушықұқыққа ие болу; мемлекет және қоғам шеңберінде ашық түрде күш қолданып, «ақпараттық соғыс» туғыза алуы және тағы басқа. Зерттеу тақырыбымызға арқау болғанкатарлық «әл-Жазира» телеарнасы биліктің осы түрін пайдалану арқылы араб ақпараттық қауіпсіздіктің қай деңгейде екенін көрсетті.Әлемдік экономика мен саясаттың дамуы жолында ақпарат қолжетімділік, бейтараптылық және лездік қағидалары арқылы биліктің өзге күштерімен салыстырғанда жоғарыбасымдыққа ие болып саналады. Ақпараттың қолжетімді болуы арқылы қалыптасқан«виртуалды қоғам», «әлеуметтік желі» терминдері оқырмандар арасында жаңа ортаны,бұрынғыдан өзге аудиторияны қалыптастырды. Яғни, жекеменшік телеарна, басылым,сайттар ғаламторды ақпаратты таратудың негізгі көзі ретінде қарай отырып, өзіндіккапиталын құрады. Ал ақпараттың қалай таралуы, оқырманға ұсынылуын қадағалайтын күш – сол капиталды басқаратын билік саналады. Мақалада саяси медиаметриянықолдану арқылы медиаға биліктің ықпалы мен оның нәтижесі зерттеледі. Тақырыптызерттеу нәтижесінде ақпараттық билік терминіне жан-жақты түсініктеме беріліп,«әл-Жазира» телеарнасы сайтының 2015 жылғы ағылшын тіліндегі жарияланымдарыбойынша жүргізілген контент анализ арқылы медиадағы агрессия индексі анықталады