Әйелдердің біріншілік бедеулігінің дамуындағы әртүрлі факторлардың маңызы: әдебиетке шолу

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.4.2023.58-66
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өзектілігі: Бедеулік денсаулық сақтаудың жаһандық проблемасы және медициналық, әлеуметтік, психологиялық ауыртпалықтарды және неке келіспеушілігін қоса алғанда, әртүрлі факторлардан зардап шегетін жұптар үшін әлеуметтік тұрақсыздандыратын жағдай. Дүние жүзіндегі ерлі-зайыптылардың шамамен 10-15% бедеулікпен ауырады.Зерттеудің мақсаты – фертильді жастағы әйелдерде бедеуліктің қауіп факторларын анықтау.Материалдар мен әдістері: Іздеу түйінді сөздерді пайдаланды: «бастапқы бедеулік», «аналық без резерві», «репродуктивті биомаркерлер», «темекі шегу және бедеулік», «салауатты өмір салты», «стресс және бедеулік», «бедеуліктің мета-анализі», PubMed, Web of Science, Embase және Google Scholar деректер базаларында, 2017-2022 шілде аралығында жарияланған мақалалар талданды.Нәтижелерi: Талдау көрсеткендей, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер, әйелдің жасы, күйзеліс, репродуктивті жүйенің аурулары, жұқпалы аурулар, қазіргі әйелдердің білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы және өмір салты факторлары да алғашқы бедеуліктің предикаторлары болып табылады. Бұл зерттеудің нәтижелерін медицина мамандары жүктілік деңгейіне психоэмоционалды және әлеуметтік араласулардың оң әсерін тигізетін бедеулік мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу үшін пайдалана алады.Қорытынды: Осылайша, бұл зерттеулер нақты профилактикалық және білім беру бағдарламалары үшін нұсқаулықтарды құруға негіз болады және болашақта бедеулікке тап болған әйелдерге кеңес беру үшін негіз бола алады.