ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ ИГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2023/06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық айналымнан шығып қалған «тыңайған жерлерді» қайта игеру өте маңызды. Қазақстанның оңтүстігінде егістік жерлердің ауылшаруашылық айналымнан шығып қалуы – бірінші кезекте тұзданумен тығыз байланысты. Тұрақты даму мақсатында олардың қазіргі жағдайын зерттеу, тұзданған топырақтарды мелиорациялауға арналған әлемдік зерттеулерге шолу жасау арқылы қайта игеруге ұсыныстар әзірлеудің қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, осы зерттеуіміз Оңтүстік Қазақстандағы Отырар ауданының мысалында тыңайған жерлердің қазіргі экологиялық-мелиоративтік жағдайын зерттеу және оларды игеру мәселелерін талқылау және ұсыныстар келтіруге арналды. Зерттеу барысында тыңайған жерлердің пайда болуы мен қалыптасуын зерттеуде тарихи әдісті, зерттеу нысанына аумақтық талдау жасау жұмыстары кезінде географиялық талдау әдісі, мәселелердің күрделілігі мен интенсивтілігін көрсетуде статистикалық және салыстыру әдістерін, зерттеу нысанындағы тыңайған жерлердің ахуалын зерттеуде картографиялық және геоақпараттық әдістерді, тыңайған жерлердің контурларын тексеруде далалық зерттеу (рекогноцсировтық) және зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мәліметтермен жұмыста топтастыру және талдау әдістері қолданылды. Геоақпараттық технологиялардың көмегімен зерттеу нысанындағы тыңайған жерлердің көлемі – 13688,9 га, оның ішінде тұзданбаған топырақтар тараған жерлердің көлемі – 83,9 га, шамалы тұзданған топырақтар – 984,4 га, орташа тұзданған топырақтар – 2398,3 га, қатты тұзданған топырақтар – 10222,1 га құрайтыны анықталды. Тұзданған жерлерді игеру мен мелиорациялаудың бойынша ғалымдар ұсынған әдіс-тәсілдер мен технологияларға шолу жасалды. Зерттеу нысанының экологиялық-мелиоративтік жағдайы мен шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, тыңайған жерлерді игерудің 2 әдісі (органикалық және агроинновациялық) ұсынылып, топырақтардың тұздану жағдайында оларды қолданудың қажеттілігі ғылыми негізделді.