Аңдатпа
Бұл ғылыми зерттеу жұмысында жер үсті ағынды суларын озонатор көмегімен тазалап, залалсыздандыру үрдісі қарастырылған. Жер үсті ағынды сулары - ол елді мекендер мен өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдық су, жаңбыр, еріген және суару сулары. Әдетте, бұл ағынды сулар мұнай өнімдерімен және қалқымалы заттармен, кейбір жағдайларда - нақты заттармен ластанған. Жер үсті суларын тазарту мәселесі көп жағдайда ластаушы заттардың құрамы мен табиғатының тұрақсыздығында жатыр. Өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту қазіргі заманғы негізгі экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Химиялық ластану ең көп таралған, тұрақты және ауқымды болып табылады. Ол органикалық (фенолдар, нафтен қышқылдары, пестицидтер және т.б.) және бейорганикалық (тұздар, қышқылдар, сілтілер), улы (мышьяк (As), сынап қосылыстары (Hg), қорғасын (Pb), кадмий (Cd) және т.б.) және улы емес болуы мүмкін. Озондау арқылы өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту ең тиімді және заманауи әдістердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысында су құрамындағы зиянды қоспалар озонмен тотығу арқылы бейтараптандырылып, залалсыздандыру үрдісінің мәселесі қарастырылған