ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АЯСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ – ЖЫЛЫЖАЙ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ШЕШУДІҢ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-59-2-71-81
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі маңызды және өзекті мәселелердің бірі-азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Мамандардың болжамынша, алдағы 30-40 жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлемде бірінші орынға шығады, өйткені табиғи ресурстар қоры азая бастайды және азық-түлік әлемдік саясаттың жетекші факторына айналады. Жобаның мақсаты-елдегі жылыжай кешендеріне толыққанды зерттеу жүргізу, климатқа байланысты аймақтарды жіктеу және осы жерлерде жылыжай кешендерінің дамыған модельдерін салу. Қазіргі уақытта көп қабатты жылыжай кешендері бар, олар аз орын алады, өнімділігі жоғары. Сонымен қатар, модель Америка Құрама Штаттары мен Швецияда әзірленуде және Қазақстанға осы жылыжайдың жаңа үлгісін сатып алу күтілуде. Дегенмен, Қазақстан сияқты дамушы ел үшін ірі жобаны жүзеге асыру үлкен тәуекелділікті талап етеді. Зерттеу әдістері. Мақалада ғылыми әдіснамалық тәсіл негізінде ғылыми зерттеу, жүйелеу, жалпылау, статистикалық талдау әдістері белсенді қолданылды. Зерттеу барысында жобаның құнын есептеу автор ұсынған қаржылық талдауда келтірілген. Цифрландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері де қозғалады. Нәтижелер. Қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық ауқымдағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, азық-түлік қауіпсіздігі, біріншіден, бүкіл қоғамның өмірін қамтамасыз етеді; екіншіден, елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік бағыттардағы күшін анықтайды. Қорытындылар. Мақалада цифрлық технологияларды енгізумен азық-түлік тапшылығын шешудің бір жолы ретінде көп қабатты жылыжай технологиясы зерттеледі.