IMPROVEMENT OF THE TECHNOLOGY OF THE PRODUCT BASED ON MILK WHEY

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/obol2856
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу сүт сарысуын қалдық ретінде ғана емес, жұмсақ ірімшік жасауда жаңа өнімді алуға арналған шикізат көзі ретінде қарастыруды көздейді. Сондықтан бұл жұмыс жұмсақ ірімшіктердің ассортиментін қалдықсыз жаңа өніммен толықтырып, сүт сарысуының адам ағзасына пайдасын жіті бақылау және бағалауға, сүт сарысуы негізінде жасалған жұмсақ ірімшік құрамы мен сапалық көрсеткіштерін толықтай тексеруге мүмкіндік береді. Жұмыстың негізгі мақсаты – сүт өнеркәсібінде жаңа, қалдықсыз өнімді өндірістік жағдайда өндіруді іске асыру әрі сүт сарысуының адам ағзасына пайдасын қарастырып, жұмсақ ірімшіктердің жаңа технологиясын жасау және алынған өнімді күнделікті тамақ рационында пайдалану. Зерттеу нәтижесінде сүт сарысуынан жасалған жұмсақ ірімшік технологиясы әзірленді.