Туризмді дамыту жағдайында трансшекаралық аймақтардың туристік әлеуетін анықтау жолдары (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2023-1-348-359
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық аймақтарда туризмді дамытудың туристік әлеуетін анықтау және пайдалану жолдары, оларды жетілдіру туралы мәліметтер қарастырылады. Шығыс Қазақстан облысы туризмінің даму көрсеткіштеріне талдау жасалады: ресми статистикалық көрсеткіштердің өсу серпіні, соңғы жылдардағы туристік объектілердің туристерді қабылдауы, туризм саласындағы жұмыспен қамтылып отырғандар саны, олардың сәйкес еңбекақысының көлемі, әлеуетті тұтынушылар арасында жүргізілген сауалнама жауаптарының қорытындысы. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалық құжаттар қарастырылды және елімізде туризмді дамыту бойынша ең негізгі ұйымдастырушылық қызметтер ерекшеленді. Туризм дамуы сол аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді: кәсіпкерлікпен айналысу, табыс табу, жұмыс орындары, сол арқылы кедейшілікті төмендету. Мақалада еліміздегі және жекелеген аймақтағы туризмді дамыту мен оның қазіргі жағдайының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалып, негізгі мәселелер мен мүмкіндіктер қарастырылды. Туризмнің дамуына кедергі болып тұрған негізгі факторлар анықталып, осы мәселені шешудің жекелеген ұсыныстары тұжырымдалды.