Modern language trends: norm and usus features

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v189.i1.ph10
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ҚАЗІРГІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТІЛДІК ҮРДІСТЕР: НОРМА МЕН УЗУСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРМақалада мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы әлеуметтік лингвистикалық мәселелері талданады.Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің коммуникативті тәжірибеде берілу жолдарын жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикалық антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің ұғымдары мен басты ғылыми ұстанымдарын айқындау, қайта қарап реттеу, нақтылау өзекті мәселелер саналады.Кейде тілдің зор мәнін біле тұра дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу, тіл тазалығын сақтау, жалпы сөз мәдениетін қадағалап отыру жағы жетіспей жатады.Осының салдарынан тілімізде кедір-бұдыр, жонылмаған, сүреңсіз сөйлемдер, шәлкес тіркестер, орфографиялық қателер көп кездеседі.Тілі мен ойлау, сөйлеу өрісін тарылта бастаған бүгінгі жаһандану дәуіріне өзінің сөз байлығы мен ой-өрісін сақтап, аман жеткен қазақ тілі үшін де бұл мәселе өзекті.Негізгі мақсат та осы.Тілдік норма / әдеби норманы біріздендіру және қалыптандыру тілді пайдаланушылардың тіл мәдениеті деңгейін көтеруге, тіл байлығын толықтыруға, сондай-ақ мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің толыққанды қызмет атқаруын қамтамасыз етуге ықпал етеді.