Ұлы Жібек жолының ұлттық санадағы тарихи іздері

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2022-140-3-39-58
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұлы Жібек жолы Қытай және Рим империялары арасында біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап біздің заманымыздың 15 ғасырына дейінгі аралықта ұзақ уақыт бойы жалғасып келіп, Шығыс пен Батыс арасындағы сауда процесінде маңызды рөл атқарған жол болды. Сауда керуендері Қытайдан Батыс елдеріне жібек, қағаз, қола айналар және Батыс елдерінен Қытайға кілемдер, гобелендер, жүн бұйымдары, шыны ыдыстар тасыды. Сондай-ақ Шығыс пен Батыс елдерінің басқа да көптеген асыл бұйымдары мен зергерлік тастары, хош иісті май-сулары мен түрлі материалдық құндылықтары осы жол арқылы сауда айналымына түсті. Ұлы Жібек жолы сауда жолы болуымен қатар әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің диалогы жүзеге асқан үлкен алаң болды. Қытай мен Орта Азияның, Үндістанның көптеген елдері арқылы Еуропаға әр түрлі тарихи және мәдени ареалдар арқылы өткен құрлықтағы сауда дәлізі материалдық құндылықтармен қатар өз заманының рухы мен танымын да бір ортадан екіншісіне тасымалдағаны айқын. Түрлі өркениеттердің тоғысынан туындаған мәдени-тұрмыстық құндылықтар тіл арқылы көрініс тауып, ұлттық санада өз ізін қалдырды. Қазақстан үшін Ұлы Жібек жолындағы мәдени өзгерістер мен өркениеттің зерттелуі өте маңызды. Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қалыптастырған мәдениеттердің әрқайсысы өздерінің барын дамытуға ұмтылып қана қоймай, бір-бірінің игілігі мен әлеуетін шығармашылық синтездеу арқылы өзін-өзі түсіну және өзара түсіністік арқылы дамыды. Бүгінгі күні тарихымызда болған осы ұлы кезеңнің тиісті бағасын беріп, жадыны пәнаралық зерттеу арқылы санамызда қайта жаңғырту еліміздің болашақ бағдарын айқындауға өз үлесін қосар аса маңызды іс болмақ