Электрондық мәмілені жүзеге асыру кезіндегі коммерциялық құпияны қорғаудың құқықтық негіздері

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2022l4/79-87
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты электрондық мәмілені жүзеге асырудағы құқықтық қатынастарды қарастыру және ондағы коммерциялық құпияны қорғау саласында ұсыныстар әзірлеу. Электрондық мәмілені жүзеге асыру кезіндегі коммерциялық құпияның қауіпсіздігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзекті болып саналады. Құпия ақпаратты қорғаудың көптеген шаралары оның техникалық шаралардың өзі көптеген жағдайда жетімсіз болып жатады. Зерттеу әдістері ретінде диалектикалық, талдау (анализ), салыстырмалы құқықтық талдау қолданылды. Атап айтсақ, электронды мәмілелер тура-лы қазақстандық заңнаманың дамуын зерттеуде диалектикалық әдіс қолданылса, талдау (анализ) әдісі электрондық мәмілені жүзеге асырудағы коммерциялық құпияны құқықтық қорғаудағы қол жеткізген жетістіктерді бағалауда, ондағы проблемалар мен кемшіліктерді анықтауда пайдаланылды. Сонымен бірге, шетелдерде элктрондық мәмілені жүзеге асыруда коммерциялық құпияның қорғалу дәрежесін анықтау мақсатында салыстырмалы құқықтық талдау әдісі пайдаланылды. Зерттеу барысында төмен-дегідей нәтижелерге қол жеткізілді: а) электрондық мәмілені жүзеге асырудағы коммерциялық құпия-ны қорғау ғылыми зерттеудің объектісі ретінде отандық заң ғылымында алғашқы рет қаралғандығы зерделенді; ә) электрондық мәмілені жүзеге асыруда коммерциялық құпияны қорғаудың өзектілігі мен оны құқықтық қамтамасыз етудегі проблемалар айқындалды. Мақаланың қорытындысында коммер-циялық құпияны қорғауды қамтамасыз етпеген жағдайда туындауы мүмкін салдарлар негізделе оты-рып, «Коммерциялық құпия туралы» заң қабылдау қажеттігі негізделді.