ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ МАҚСАТЫНА САЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА СӘЙКЕСТІК АУДИТІН ЖҮРГІЗУ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2022-57-4-59-70
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ең озық әлемдік тәжірибе негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру шеңберінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) қолданыстағы функцияларды сақтай отырып және оларды кейіннен күшейте отырып, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының функциялары берілді [1]. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік аудиттің әдіснамалық негізін қалыптастыратын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірледі. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі әл-ауқат қорларының басқару тиімділігін оларды пайдалануда шығыстардың нәтижелілігін арттыруға қаржылық бақылау мен аудит жүргізу арқылы қол жеткізуде. Еліміздің экономикалық жүйесінде Ұлттық қордың үлкен орны бар, себебі Ұлттық қор бюджет жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Сондықтан, Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізудің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеуқажеттілігі өте өзекті болып табылады. Алайда бүгінгі күні елімізде Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану аудитін жүргізудің арнайы әдіснамалық базасы қалыптастырылмаған.Халықаралық және отандық қолданыстағы заңнамаларды талдау негізінде авторлар Ұлттық қордың пайдалануы бойынша бөлінетін нысаналы трансферттер мен басқа да шығындардың пайдалануына аудит жүргізу бойынша өз тұжырымдарын жасайды. Сондай-ақ, Ұлттық қордың қазіргі жәй-күйін баяндай отырып деректерге анализ жасап, өзгеру себептерін атап өткен.