MARKETING STRATEGY IN THE TOURISM INDUSTRY OF KAZAKHSTAN

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2022.3(48).43
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту үшін маркетингтік стратегияның маңыздылығы қарастырылған. Туризмдегі маркетингтің мақсаттары мен міндеттері зерттелді. Қазақстанның туристік нарығының әлеуетіне әсер ететін факторлар ұсынылған. Туризм бойынша берілген статистикалық деректерді пайдалана отырып, 2019-2021 жылдардағы келушілер санына талдау жүргізілді, Қазақстанға келудің оң динамикасы анықталды, бұл Қазақстанның әлемдік туризмнің дамуына интеграцияланғанын көрсетеді. Мақалада туристік индустриясында маркетингті қолданудың төрт түрлі деңгейі келтірілген. Сонымен қатар, авторлар аумақтық маркетингті дамытуға негізделген «Ескі қала» туристік дестинациясының стратегиясын ұсынады. Стратегияны әзірлеу үшін SWOT талдауы және мақсатты аудиторияның, атап айтқанда, Шымкент қаласының тұрғынының портреті құрастырылды. Территориялық маркетинг оның стратегиясын айқындайтын бірнеше құрамдас бөліктерден тұратыны және туристердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алатын басқарылатын маркетинг моделін құруға мүмкіндік беретін аумақтық маркетинг құралдарын біріктіріп қолдану орынды екені анықталды. Қорытындылар мен ұсыныстар ішкі туризм секторын одан әрі жетілдіру мен дамытуға, туристік қалаларды пайдалану стратегиясын өзгертуге, инвестициялық тартымдылық үдерістерін дамытуға, түрлі коммуникациялық арналар арқылы халықтың мәдени ойлауын өзгертуге ықпал ете алады. The scientific article considers the importance of a marketing strategy for the development of the tourism industry of the Republic of Kazakhstan. The goals and objectives of marketing in tourism are studied. The factors influencing the potential of the tourism market of Kazakhstan are presented. Using the given statistics on tourism, the analysis of the number of arrivals and visitors for 2019-2021 was carried out and the positive dynamics of arrivals to Kazakhstan was revealed, which indicates the integration of Kazakhstan into the development of world tourism. The article presents four different levels of marketing use in the tourism industry. The authors present the strategy of the tourist destination "Old Town" based on the development of territorial marketing. To develop the strategy, a SWOT analysis and a portrait of the target audience, in particular a resident of Shymkent, were compiled. It has been revealed that territorial marketing consists of several components defining its strategy and it is advisable to use territorial marketing tools in a complex, which will allow creating a managed marketing model that can fully meet the needs of tourists. Conclusions and recommendations can contribute to the further improvement and development of the domestic tourism sector, changing the strategy of using tourist cities, developing processes for investment attractiveness, changing the cultural thinking of the population through various communication channels.