Аңдатпа
Қазіргі кезде халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Түрлі тағамдар, оның ішінде астық, сонымен қатар оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан стандарт талаптарына сәйкес болу керек. Осыған байланысты дәстүрлі әдіспен дайындалатын қазақтың ұлттық өнімдері бауырсақ, қаттама нандардың технологиясын жасау қажет етіледі. Тиімді тамақтану мәселесін шешуде маңызды бағыттардың бірі негізгі тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығын арттыру болып саналады. Бұршақ тұқымдас дақылдарының арасынан өзінің биологиялық құндылығының жоғары екендігімен, ақуызға толықтығымен ноқат көп қолданылуда. Жұмыста ноқат ұнын қосылып, дайындалған ұлттық нан өнімдерінің рецептурасы қарастырылған.