2021 ж. ортағасырлық Сарайшық қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2022.2.16.111.120
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 2021 ж. ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында жүргізілген археологиялық жұмыстардың алдын-ала нәтижелері туралы айтылады. Сарайшықтың Ұлы Жібек жолында атқарған ролін жаңа ізденістермен толықтыру мақсатында зерттеу жұмыстары іске асырылуда. 2019 ж. басталған № 3 қазба орнындағы зерттеу одан әрі жалғастырылды. Қатарласа орналасқан бөлмелері, ұзын дәліздері бар алтынордалық кезеңнің ғимараты ашылып, құрылыс еденінен табылған Өзбек хан мен Жәнібек ханның соқтырған тиындары арқылы ХІV ғ. орта тұсымен кезеңделіп отыр. Бұрынғы зерттеулер көрсеткендей, қаланың мәдени қабаты түрлі жерленімдер, жаңа құрылыстар салынуы себепті бір-бірімен араласып кеткенімен, кейбір аудандардағы төменгі мәдени қабатта шикі кірпіштен тұрғызылған құрылыстар жақсы сақталған. Бұл алдын-ала жоспарланып жасалған түзу көшелерден, қатар орналасқан ғимараттардан қаланың аймақтағы дәрежесі жоғары екені байқалады. Қазбадан табылған материалдардың басым бөлігі қыш ыдыстар сынықтары мен жануарлар сүйектерінен тұрады. Мәдени қабаттың жәдігерлерге, әр түрлі бұйымдардың қалдықтарына бай болуы да, қаланың үлкен мәдени-саяси орталық болғанынан хабар береді.