The antimutagenic potential of extracts from Limonium gmelinii family Plumbaginaceae (= Limoniaceae Lincz.)

2017

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje-2017-3-777
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Арпа тұқымының тамырының ұрық меристемасының клеткаларындағы хромосомалықаберрацияларды есепке алу тесті қолдану негізінде Limonium gmelinii өсімдіктің жер астыжәне жер үсті мүшелерінің сығындыларының биологиялық белсенді заттар (ББЗ) кешенініңцитогенетикалық және мутагенді өзгермелік белсенділігі зерттелді. 50,0 және 100,0 мг/лконцентрациясы бар өсімдік сығындылар мутагендік белсенділік көрсеткен жоқ, бірақ, керісінше,спонтанды мутагеннің деңгейін төмендетті. Стандартты метилметансульфонат (ММС) мутагенніңжәне өсімдіктер сығындыларының қосымша әсері болғанда индукцияланған ММС мутагенездіңдеңгейі статистикалық сенімді ретінде төмен болғаны анықталды. ММС-қа қарсы жоғарыдеңгейде Гмелин кермегінің жер асты және жер үсті мүшелерінің ББЗ сығындылары антимутагендібелсенділігін көрсетті. ББЗ-ның максималды антимутагенді тиімділігі тұқымдарды алдын ала,сосын барып ММС-пен өңдегенде байқалды, яғни 64,70% (жер асты мүшесі) және 67,46%(жер үсті мүшесі) аралығында. ММС-пен және сығындылармен бөлек және қосымша өңдегенжағдайда тұқым өсінділердің тамыр меристемасының митоздық индексі (МИ) зерттелді. Өсімдіксығындылар митозды ынталандыру нәтижесін көрсетті. ММС тамыр аймағындағы меристемалық клеткалар популяциясының пролиферативті белсенділігін бақылаумен салыстырғанда статистикалық сенімді ретінде төмендетті. Тұқымдарды өсімдіктердің жер асты және жер үстімүшелерінің ББЗ-мен алдын ала және кейінгі түрде өңдегенде тамыр меристемасының митоздықбелсенділігінің деңгейі ММС-пен салыстырғанда статистикалық сенімді ретінде жоғарылады.ББЗ-ның генопротекторлық әсері олардың әртүрлі генотоксиканттардың әсерінде ұлғая түскенбосрадикалды процестерді тежеуге қабілетті болу мүмкін және хромосомалардың репарациясынынталандырады. Өсімдік препараттарды ем беретін құралдар, яғни мутагендердің организмгеәсерін жоюға бағытталған ретінде санауға болады.Түйін сөздер: гмелин кермегі, биологиялық белсенді заттар, антимутаген, хромосомалықаберрациялар, митоздық индекс.