The heavy metals in Alhagi pseudalhagi, Artemisia terrae-albae, Ceratocarpus arenarius of Mangystau region

2017

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje-2017-3-781
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Маңғыстау облысының аумағында жиналған Alhagi pseudalhagi, Artemisia terrae-albae, Ceratocarpus arenarius және топырақ үлгілерінің құрамындағы ауыр металдардың (Pb,Cd, Zn, Cu, Mn, Co, Ni) зерттеу нәтижелері ұсынылған. Басым өсімдіктер мен топырақ үлгілері3 нүктеден жиналды: №1 нүкте (Ақтау қаласы, «Береке» шаруашылығы ), №2 нүкте (Форт- Шевченко қаласы, «Әсем-Алмаз» шаруашылығы) және №3 нүкте (Жаңаөзен қаласы, «Нұркен»шаруашылығы). Ауыр металдар атом–абсорбциалық спектрометрия әдісі арқылы анықталды.Топырақ үлгілеріндегі мұнай өнімдерінің жаппай үлесін өлшеуді жүргізу тәртібі «Флюорат-02»сұйық анализаторында жүргізілді. Өсімдіктердің ауыр металдарды құрамдарына жинақтауқасиеттері әртүрлі болып келеді. Зерттелген өсімдіктер арасында Artemisia terrae-albae еңүздік жинақтаушы қасиеттерімен ерекшеленетіні анықталды. Ал Ceratocarpus arenarius басқада өсімдіктер түрлерімен бір экологиялық жағдайларда өсетіндігіне қарамастан, құрамындаауыр металдарды аз мөлшерде жинайтындығымен ерекшеленеді. Барлық зерттеу жүргізілгеннүктелерден алынған топырақ үлгілерінде ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген деңгейдіңаясында екені анықталды. Бірақ, физико-географиялық аймақтары мен геологиялық факторларерекшеліктеріне байланысты болуына мүмкін, мырыш, кобальт металдары рұқсат етілген 1,09 –1,72 ауқымындағы шекті-рауалы концентрациясы (ШРК) деңгейінен шамалы асатыны анықталды.Түйін сөздер: Маңғыстау облысы, ауыр металдар, атомдық-абсорбциялық спектрометрия,өсімдіктің басым түрі, жинақтаушы қасиеттері.