ҚАЗІРГІ АЙТЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2022.4-01
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының фольклорлық мұрасының жанрларының бірі – ақындар айтысы туралы айтылады. Басты назарға тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақындардың айтысы алынған. Мысалы, Д. Кәпұлы, А. Әлтаев, С. Құсанбаев, Қ. Мақсұтов бұрынғы айтыстармен салыстырыла зерттеледі. Ерекшеліктері, айырмашылығы мен ұқсастықтары жан-жақты талданады. Қазіргі айтыстар қоғамдық, тәуелсіздік, әлеуметтік, экономикалық, тіл, саяси, жер мәселелерінің батыл көрсетілуімен ерекшеленеді. Айтыс күні бүгін даму үстінде келе жатқан жанр. Өйткені ол көпшіліктің көз алдында өтеді. Бір адам ақын ретінде, әнші ретінде, композитр ретінде де көрінеді. Ақынның өзін-өзі ұстауын, ақындығын, мимикасын халық көріп отырады. Сондықтан көпшілік ұйып тыңдайды және нағыз шындықты айтқан ақындар көпшіліктен қолдау табады. Тіпті кейбіреулері айтысты тыңдап отырып жаттап та алуы мүмкін. Демек айтыс – халықтың руханияты ретінде даму үстіндегі жанр. Бұрынғы айтыс өнерінде ақпарат құралдарының міндетін атқарған. Қоғамдық идеологияның қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен және қазақ халқының өмірінен, тариханан бөліп қарауға болмайды. Айтыс арқылы халықтың өткендегі тарихынан бүгінгі өмірді пайымдауға болады. Тәуелсіз кезеңдегі айтыстарда экология мәселесі, тозған жер, тартылған су, ластанған ауа тақырыптары жиі көтеріліп отырды. Дін мәселесі де көтеріліп, халықты жамандықтан сақтануға үндеген. Бұл проблема көп ақындардың айтысынан орын алған. Ақындар айтыс үстінде қандай ауыр сөздер айтса да оларға ерік берілген, кешіріммен қаралған. Сол ерекшелік бүгінгі күндері де аңғарылып отырады. Айтыс қоғамның табысын да, кемшілігін де көрсететін синкретті жанр. Демек, біздің атадан балаға мұра болыр келе жатқан өнер. Ол қазақ халқының мәдени өміріндегі мән-маңызы жоғары жанр болып есептеледі. Дәлел-дәйекпен ел намысын көтеретін өміршең жанр.