Аңдатпа
Өндіріс нәтижелері көбінесе техниканың жай-күйі мен даму деңгейіне, ауылша-руашылық өнімдерінің шығымдылығына және өндіріс тиімділігіне байланысты, саланың техникалық жабдықталу деңгейін, машина-трактор паркінің техникалық жағдайын, оның тозуын, жүктеме дәрежесін және басқа параметрлерді анықтайды. Техникалық әлеует бұл ауыл шаруашылығын дамыту мен пайдаланудың стратегиялық мақсаты болып табылатын техникалық ресурстардың жиынтығы. Өндірістік процестің материалдық факторы ретінде әрекет ете отырып, ол ауылшаруашылық тауар өндірушілері қызметінің түпкілікті нәтижелеріне әсер етудің белсенді элементі болып табылады. Ауыл шаруашылығының техникалық әлеуетін бағалау кезінде сандық және сапалық сипаттамаларын зерттеуде кешенді тәсіл қолданылуы тиіс, бұл оның жай-күйін объективті бағалауға және қалпына келтірудің негізгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда экономикаға жеткізілетін техникада сапалы өзгеріс бар, онда өнімділік айтарлықтай өсті және ақпараттық технологиялар, күрделі электрондық және гидравликалық жүйелер қолданылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешеннің инженерлік-техникалық жүйесінен машиналардың барлық пайдалану сапасын сенімді іске асыруды талап етеді, дәнді дақылдар өндірудің нөлдік және ең төменгі технологияларын қолдануды кеңейте отырып, егіс кешендеріне сұраныс өсті. Өндіріс технологиясындағы өзгерістер, дамып кележатқан ауылшаруашылығындағы өндірістің мамандануымен шоғырлануы, ауылшаруашылығы жабдығымен жарақтандырудың сандық және сапалық жай-күйі қазіргі заманғы техникамен ауылшаруашылығын механи-каландыру құралдарына сұранысты негіздейтін факторлар болып табылады