Аңдатпа
Бұл жұмыста магнит өрісінің газдық разряд плазмасындағы тозаңды бөлшектердің зарядталу процестеріне әсері зерттелді. Магнит өрісінің қатысуымен тозаңды бөлшектердің зарядталу процестерін зерттеу бойынша газдық разряд плазмасына тән параметрлерге арналған есептеулер сандық түрде ұяшықтағы бөлшектер және Монте-Карло әдістері негізінде жүргізілді. Зарядтың мәні, тозаңды бөлшектердің зарядталу уақыты, сондай-ақ магнит өрісінің әр түрлі мәндерінде электрондар мен иондардың тығыздығының радиалды таралуы алынды. Магнит өрісін ескеру тозаңды бөлшек зарядының абсолюттік мәнінің азаюына және тозаңды бөлшектерің зарядталу уақытының ұлғаюына әкелді. Бұл магниттік өрістің күштік сызықтары бойымен плазма бөлшектерінің траекториясының шектелуі есебінен тозаң бөлшектерінің зарядының төмендеуін көрсетеді.