БАУМ ТОҒАЙЫНДА ӨСІП ТҰРҒАН АҒАШ БҰТАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОБАЛАУ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2022/05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Баум тоғайында бүгінгі таңда өсіп тұрған ағаш-бұталар сипатталып, оларды зерттеуге бағытталған жұмыстар мен жаңарту жұмыстары айтылады. Зерттеу жұмыстары "Баум тоғайының жасыл желектерін түгендеу және орман патологиялық зерттеу материалдарын жүргізу және ресімдеу тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізілді. Жасыл желектерді түгендеу және орман патологиялық зерттеу жұмыстары Алматы қаласындағы "Баум тоғайы" аумағын түгел қамтыды. Негізгі мақсат жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы сенімді деректер алу және Баум тоғайы аумағындағы жасыл желектердің жағдайын талдау болып табылады. Аталған нысанды тексеру кезінде жер аумағы 69 телімге бөлініп, әр кварталда өсіп тұрған ағаш-бұталар саны анықталды. Жүргізілген түгендеудің нәтижесінде екпелердің тұқымдық құрамы, жасы, биіктігі, диаметрі, жағдайы және шаруашылық шаралары бойынша бөлінуі толық сипатталды. Жүргізілген түгендеу жұмыстары excel-де теріліп, содан кейін Argizс -де әр ағашты электронды картаға түсіру үшін бағдарлама жасалды. Зерттеу нәтижелері Баум тоғайында қазіргі таңда өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды санитарлық тазалау арқылы сақтау мен одан әрі жаңарту жұмыстарында, сонымен қатар жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамаларын жоғарылату үшін үлкен ғылыми және практикалық маңызды рөл атқарады.