Аңдатпа
Бұл жұмыста айдау ұңғымаларында қабылдау профилін теңестіру және өндіруші ұңғымалардағы су ағысын шектеу мақсатында шаралар жүргізу үшін геллан полимерінің қолданылуы көрсетілген.Әзірленген технология Құмкөл кен орнында (Қызылорда обылысы, Қазақстан) 5 айдау ұңғымасында сыналды.Бірінші тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ нәтижесіне сәйкес 11 ай аралығында (2013 жылдың қазанынан 2014 жылдың қыркүйегіне дейін) қосымша өндірілген мұнай мөлшері 5 890 тоннаға тең.2014 жылы АҚ «ҒЗЖИмұнайгаз» (Ақтау, Қазақстан) берілген технологияның екінші пилоттық сынағын сол кен орнында жүргізді.8 ай аралығында (2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың мамырына дейін) қосымша табылған мұнай мөлшері 8 695 тоннаны құрады.Бұл технология Қарабұлақ кен орнында өндіруші ұңғыманың су ағысын шектеу мақсатымен сынақтан өтті.Өңдеуден кейін 10 ай өткенде өндірілетін су мөлшері 16 есе қысқарды.Түйін сөздер: полимерлік суландыру; суландыру; мұнай өндіруді жағарылау; тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ.Использование технологии полимерного заводнения для увеличения нефтеотдачи 1,2 Кудайбергенов С.Е., 1,2 Гусенов И.Ш., 1,2 Жаппасбаев Б.Ж., 1,2 Шахворостов А.В.