Қызылорда облысындағы апеллятив-топонимдердің когнитивтік негіздері

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-140-3-21-31
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Лингвистиканың қазіргі кезеңде жаңаша антропоцентристік парадигмада зерттелуіне байланысты ономастиканы, оның ішінде топонимиканы когнитивтік аспектіде қарастыру жаңа деректерге жол ашады. Белгілі бір ұлттың танымында қалыптасқан әлем үлгілері барлық жалқы есімдердің ономастикалық кеңістігін құрайды. Жалқы есімдердің табиғаты мен құрамына тілден тыс түрлі географиялық, әлеуметтік, тарихи, мәдени факторлардың әсер ететіні белгілі. Оларды тілдің дәстүрлі қалыптасқан дайын сөздері негізінде де, жеке адамдардың тілдік шығармашылығы нәтижесінде де жасауға болады. Демек, жалқы есімдердің үлесінде түпнұсқалық атаулардан басқа түрлі коннотациялық деривация арқылы туған атаулар да қатар жүреді. Мақалада Қызылорда облысының топонимикалық материалы негізінде бойына когнитивті-тарихи ақпаратты жинақтаған ономастикалық тілдік бірлік болып саналатын жалқы есімнен қалыптасқан апеллятивтің мәнін түсіндірудің әртүрлі тәсілдері қарастырылады. Осы лексикалық бірліктердің сөйлеу және тілдік мағыналарының қалыптасуын анықтайтын когнитивтік тетіктер ерекшеленеді. Апеллятивтің бойында тұрған білімнің матрицалық форматының құрылымы, сондай-ақ апеллятив-топоним арқылы көрінетін және матрицаның когнитивтік контекстке қатысты түсінілетін концепт егжей-тегжейлі талданады. Сонымен қатар, авторлар апеллятив-топонимдердің тілдік мәселелерінің анықталуы оның өзекті екенін және болашақта тіл білімі, филология саласындаперспективасы жоғары зерттеу салаларының бірі екеніне аса назар аударады.