СҰЙЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ТОПЫРАҚ ІШІНЕ ЕНГІЗЕТІН ПЫШАҚТЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕРІН НЕГІЗДЕУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.3(114).1100
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада сұйық минерал тыңайтқыштарды (СМТ) топыраққа астарлай енгізуге арналған топырақ өңдеу пышағының ішкі қуысының пішінінегеометриялық ізденіс нәтижелері ұсынылған. Баяндалған нәтижелер мен ұсыныстар сұйықтықтың бірқалыпты ағынын қалыптастыруға ықпал ететінфакторлар деңгейін анықтауда, аталған топырақ өңдеу пышағын өндіру үшін материал, технологиялық әдістерді таңдауда маңызды. Зерттеу нәтижелеріүлдір (пленка) мен бояу жабындарын экструзиялау, ауа перделерін қалыптастыру, сондай-ақ сызатты ағын бөлгіштерді жасау сияқты өндірістің өзге, жасау дәлдігі жоғары салаларына да маңызды болуы мүмкін.Ізденістің басты мақсаты пышақтың бүкіл ені бойлап ізінде топыраққа сіңетін барынша кең және бірқалыпты сұйық үлдірін қалыптастыратынқуыстың геометриялық пішінін, параметрлерін іздеу. Ізденіс кезінде сұйық ағынын модельдеуге арналған заманауи есептік гидродинамикасының (CFD)бір құралы Solidworks Flow Simulation® бағдарламасы қолданылды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы сұйық минералды тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге арналған пышақ қуысының пішіні және құрылымдықпараметрлерінің негізделген шектері. Ізденіс нәтижелеріне сай, зерттелген ені w = 102 мм болатын моделдер қатарында беру арнасы осінің пышақ жүзі жазықтығына қатысты орналасуытүрлендірілген үлгі (Ү05, ϒ = 0,81 болғанда), беру арнасы конус (тарылған) пішінді үлгі (Ү06, К = 0,02), беру арнасы тік қиюшы жазықтықтар комбинациясымен қию арқылы арна соңына қарай тарылған үлгі (Ү07) тиімді болатыны анықталды және оларда пышақ саңылауынан шыққан сұйықтықтың бірқалыпты таралу көрсеткіштері жоғары болды. Сұйықтықтың біркелкі ағып шығуын қамтамасыз ететін пышақ саңылауыбиіктігі параметрінің шектері (су үшін) анықталды, h = 0,9–0,12 мм.