“Gesamtkunstwerk” сценографиядағы шығармашылық технологиялардың прогрессивті идеясы ретінде

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v7i1.523
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХІ ғасырда техниканың даму қарқыны мен оның театр саласына ықпалын, театр тарихында идеялық-мазмұндық сапаға әкелген кезеңдерін “Gesamtkunstwerk”-тің өнімді идеялары арқылы тану маңызды болып отыр. Себебі, бүгінгі таңда технократиялық прогрестің қарқыны адам табиғатына тән қарапайымдылық пен табиғи үйлесімді ескермейді. Зерттеу нысанында – “Gesamtkunstwerk” ұғымдары мен терминдері, оның цифрлық спектакльдерге және театр сценографиясына әсер ету тарихы қарастырылады. Зерттеу пәні – дәуірдің көркемдік концепциялары мен стильдеріне әсер еткен “Gesamtkunstwerk” идеяларының тұжырымдамасы мен түсіндірмесі, қазіргі замандағы әлемдік және қазақстандық театр медиасценографиясындағы өмір сүруі және қызмет ету қасиеттері, тенденциялары, шығармашылық технологияларды дамыту жағдайында «бірлескен өнер» түрі. Зерттеудің мақсаты – “Gesamtkunstwerk” идеяларының тарихы мен түсіндірмесі және оның логикасы мен құрылымын шығармашылық тәжірибені дамыту ретінде түсіну, медиасценографияны зерттеудің уақыт қатынасындағы құрылымдарын пайымдау. Міндеттері: “Gesamtkunstwerk” идеяларын түсіндірудің теориялық тұжырымдамалары мен алғышарттарын анықтау; «күрделі өнер туындысы», «мінсіз туынды» терминдерінің нақты авторлар мен көркемдік-технологиялық бастамаларға қатысты нұсқаларын талдау; медиа өнердің жаңа түрлерінің технологиялық аспектілерін және оның идеяларымен байланысты кезеңдерін анықтау; театр суретшілерінің шығармашылығындағы цифрлық спектакльдердің жаңа тәжірибесін және олардың эволюциялық дамуын зерттеу; Қазақстан театрларындағы цифрлық технологиялық үрдістер түріндегі “Gesamtkunstwerk” идеяларын бағалау; шығармашылықтың жеке сапасы мен жаппай өндіріс арасындағы зерттелетін терминнің қайшылықтары мен үйлесімді өзара байланыстарын анықтау.