Аңдатпа
Мақалада қазақ халқының музыка өнерінің бастаулары туралы автор ой жүгіртеді. Шығыс мәдениетіндегі музыканың орны жөніндегі тарихи деректерді негізге ала отырып жазылмаған заңдылықтардың көзі ретіндегі тұжырымды алға тартады. Адамның жан дүниесі мен оның табиғатпен үйлесімділігін қазақ халқы тілсіз түсіне білу үрдісіне ие болғандығы жөнінде Әл-Фараби, Қорқыт, Абай, Құрманғазы шығармашылықтарынан мысалдар келтіре отырып көрсетуге тырысады.