ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ТАЗА АҚЫЛ» КАТЕГОРИЯСЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.71.4.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясында жиі кездесетін «таза ақыл» тіркесі жеке категория ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – Шәкәрім поэзиясындағы бүгінгі күні аса қажетті нағыз адам моделін беретін адами құндылықтар категориясын саралап, соның ішінде «таза ақыл» категориясының рухани жан тазалығын сақтауда атқаратын рөлі мен келешекке берер кепілдігін ақын поэзиясынан алып талдау, оның халыққа және болашақ ұрпаққа айтқан терең ойлы сөздерін психологиялық, философиялық тұрғыдан қарап зерделеу, сөз құдіретінің мәнін ашу. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірлік және шығармашылық жолын зерттеген әдебиетші-ғалымдардың саны жетерлік. Олардың еңбектерін оқи отырып, бұл тұлғаның өмірі мен қалдырған мұрасы түгел зерттелді деп дөп басып айта алмаймыз. Ақынның сара жолын зерделеген зерттеуші-ғалымдар оның кім екенін халыққа таныта білді. Алайда, өлеңдеріне тек поэзиялық нысан ретінде қарап, туындыларының астарына толықтай үңіле алмады, оның абсолютті биігіне жетпеуі мақаланың өзектілігін білдіреді. Ғылыми зерттеудің идеясы мен бағыттары – Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясындағы «таза ақыл» категориясының мәнін, оның зерделенуін жан-жақты ашып көрсету. Адамгершілік мәселесі ұмыт қалып бара жатқан заманда адамды «таза ақыл» көмегімен дұрыс, өкінішсіз өмір сүрудің жолдарын ұсыну. Жер бетінде адамнан саналы тіршілік иесі жоқ. Алайда, осы «ақыл» «сана» ұғымдарының өзін Шәкәрім ақын категорияға бөліп, өмірде «таза ақылдың» мәні зор деген баға береді. Мақалада осы айтылып отырған жай ақыл мен таза ақылдың айырмашылығы Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясы негізінде салыстырыла талданады. Өмірлік өзекті тақырып болып табылатын адамдықтың бастауы «таза ақылдан». Сонымен қатар, мақалада «таза ақылдың» арқасында жетістікке жетіп, тек өзінің ғана емес, бүкіл ұлттың рухын жандандырып, жан-дүниесін ағартқан ұлылар мысалға келтіріледі. Зерттеу барысында пайдаланылған әдістер: жүйелеу, салыстыру, баяндау, талдау. Ақын өлеңдері белгілі бір жүйесін тапты, жеткізілмек ой баяндалып, бүгінгі мен өткен күндегі адами болмыс пен ақынның тұжырымдары шетелдік философтардың пікірлерімен салыстырылды, жалпы философиялық-психологиялық бағытта жазылған өлеңдері талданды. Жинақталып зерттелген материалды қазақ әдебиетінің тарихы жайындағы, Шәкәрімтану жөніндегі еңбектерде, филология факультетінің студенттеріне сабақ беру кезінде, Шәкәрім жайлы семинарларда қолдануға болады.