Медиамәтіннің теориялық негіздері мен коммуникативтік құрылымы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519935
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада медиамәтіннің теориялық негіздері мен коммуникативтік құрылымы тілдік білім беру контексінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – медиамәтін ұғымын қазіргі ғылыми көзқарастар негізінде жүйелеу және оны тілдік білім беруде қолданудың әдіснамалық мүмкіндіктерін айқындау. Медиамәтін қазіргі медиамәдениет аясында қалыптасқан пәнаралық зерттеу нысаны ретінде қарастырылып, оның ұғымдық қырлары мен теориялық негіздері зерделенді, негізгі сипаттамалары анықталды. Зерттеу әдістері ретінде теориялық және салыстырмалы талдау, сипаттамалық әдіс пен әдіснамалық модельдеу қолданылды. Нәтижесінде медиамәтінді қабылдау мен түсінудің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері ашылып, оны тілдік білім беруде пайдаланудың шарттары айқындалды. Медиамәтін тек ақпарат жеткізуші құрал емес, сонымен қатар күрделі әлеуметтік-коммуникативтік феномен ретінде ұсынылады. Талдау нәтижесінде медиамәтінді зерттеудің бес тәсілі жүйеленді: сыни дискурстық, когнитивтік, мәдениеттанулық, партисипаторлық және педагогикалық. Бұл тәсілдер мәтінді лингвистикалық, стилистикалық, нарративтік, семиотикалық, контекстуалдық және дискурсивтік әдістермен үйлестіре талдауға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Сонымен қатар зерттеуде Солганиктің медиамәтін динамикасының үш деңгейі – ішкі мәтіндік, астарлы мәтіндік және гипермәтіндік – әдіснамалық бағдар ретінде қолданылды. Зерттеу нәтижесінде медиамәтінді кешенді түрде сипаттауға арналған үлгі ұсынылды. Ол құрылымдық (жанрлық және тілдік ұйымдасу), прагматикалық (аудиторияға бағдарлану және әлеуметтік-реттеушілік қызмет) және мәдени (құндылықтар мен мәдени кодтардың репрезентациясы) өлшемдерді қамтиды. Ұсынылған үлгі болашақ эмпирикалық зерттеулер мен білім беру тәжірибесінде медиасауаттылықты дамытуға әдістемелік негіз бола алады. Түйін сөздер: медиамәтін, прагматикалық сипат, құрылымдық сапа, мәдени құндылық, талдау тәсілдері мен әдістері, мәтін интерпретациясы.