Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларындағы Жошы Ұлысы кезеңінің жерлеу орындары

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2025.3.29.40.64
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Сарыарқа аумағында зерттелген Алтын Орда дәуіріне тән жерлеу ескерткіштеріне арналған. XIII–XIV ғғ. Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағындағы жерлеу рәсімінің трансформация ерекшеліктері қарастырылады. Бұл өзгерістер исламға дейінгі және ислам кезеңдерін қамтиды. Обалар мен қарапайым жерлеулерді қоса алғанда, 100-ден астам археологиялық ескерткіштерге жасалған талдау негізінде Сарыарқа көшпелілерінің жерлеу ғұрыптарында сақталған және өзгеріске ұшыраған элементтер анықталды. Зерттеу нәтижелері Сарыарқа исламдану үдерісінің ошақтық сипатта болғанын, әлеуметтік жіктелуге байланысты әркелкі жүріп, ұзақ уақытқа созылғанын көрсетеді. Ақсүйек өкілдерінің жерлеулерінде ислам талаптары ерте және айқын байқалады: мәйіттің Қыбылаға қарата қойылуы, қабірде бұйымдардың болмауы және мұсылман сәулет дәстүріне тән элементтердің қолданылуы. Ал қарапайым көшпелілер арасында бұрынғы, исламға дейінгі жерлеу дәстүрлерінің элементтері мен оған тән қабірлік бұйымдарды бірге жерлеу ұзақ уақыт бойы сақталған. Жерлеу кешендерінің материалдары исламдық және дәстүрлі рәсімдердің қатар өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл ғұрыптық жүйенің дамуындағы екі негізгі кезеңді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Жерлеу құрылымдары, мәйіттердің бағдарлануы, қабірлік инвентарь, архитектура мен ғұрыптық элементтерге жүргізілген типологиялық талдау өңірлік ерекшеліктерді, әлеуметтік стратификацияны және Алтын Орда ықпалының хронологиялық шеңберін анықтауға жол ашады. Алынған деректер Солтүстік және Орталық Қазақстан ортағасырлық көшпелілерінің мәдени дамуы мен рухани өзгерістеріне қатысты түсініктерді елеулі түрде толықтырады.