БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН CATALPA SPECIOSA L. БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӨСУІН БАҒАЛАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2025/31
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жоғары декоративтілігі мен экологиялық қасиеттеріне байланысты Catalpa speciosa L. урбанизацияланған аумақтарды көгалдандыруда перспективалы түр болып саналады. Зерттеу жұмысында Ботаникалық бақ жағдайында интродукцияланған Catalpa speciosa L. тұқым арқылы көбейту мен биологиялық ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері берілді. Зерттеудің мақсаты – өсу динамикасы, морфологиялық және физиологиялық параметрлер арқылы жергілікті климаттық жағдайларға бейімделуде Catalpa speciosa L. әлеуетін бағалау болды. Тұқымның өнгіштігін, өсімдіктердің төзімділік дәрежесі мен вегетациялық кезеңдегі өсу динамикасын қарастырылды. 2022-2024 жылдар аралығында жүргізілген тәжірибелерде тұқымның өнгіштігі, көшеттердің өсуі мен дамуына маусымдық ерекшеліктерінің қоршаған орта факторларының өсімдіктердің өсуіне әсері, атап айтқанда топырақтың ылғалдылығы, жарық деңгейі және температура режимі талданды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері тұқымның өнуін арттырудың стратификациясы мен агротехникалық әдістерінің тиімділігін көрсетті. C.speciosa L. топырақ пен климаттық жағдайларға бейімделудің жоғары қабілетін көрсетті, бірақ құрғақшылыққа төзімділіктің төмен деңгейі арнайы күтім шараларын қажет етеді. Зерттеу нәтижелері C.speciosa L. сәндік және экологиялық қасиеттерін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасауға негіз болды. Бұл жұмыс жергілікті экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға, қалалық және қала маңындағы жасыл аймақтарды көгалдандыруда C.speciosa L. пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік береді.