Білім беруді цифрландыру: XXI ғасырдағы шет тілін оқыту әдістерінің трансформациясы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025198222
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада білім беруді цифрландыру, оның тиімділігі, оң және теріс жақтары талқыланады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың оқушылардың үлгерімі мен мотивациясына әсер ету мүмкіндігі бағаланады. Шетел тілдерін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкін болатын білім беру әлеуеті, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруы және оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу әдістері бойынша ұсыныстар осы мақалада қарастырылған. Мақаланың мақсаты – білім беруді цифрландыру жағдайында шет тілін үйретудің заманауи тәсілдерінің мүмкіндіктерін бағалау және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқу үдерісін шығармашыл және динамикалық етуге көшу қажеттілігін зерделеу. Цифрлық білім беру оқушыларды интерактивті цифрлық орталарға тарту және мұғалімдердің гибридті дербестендірілген оқыту курстарын, инновациялық, тартымды оқыту стратегияларын пайдалану арқылы жаңа оқу мүмкіндіктерін ұсынады. Қазіргі жағдайда оқушылардың үлгерімін ескере отырып, олардан тек қана цифрлық контентті ойластыратын пайдаланушыларды ғана емес, сонымен қатар динамикалық әңгімелеу, деректерді визуализациялау арқылы өз дағдыларын біріктіріп, идеялармен алмаса алатын цифрлық медианы тиімді құраушылардан болуы талап етіледі. Мақалада білім берудегі цифрландырудың қоғамға пайдасы мен кейбір тәуекелдері туралы отандық және шетелдік авторлардың еңбектері сипатталған. Мақалада цифрлық білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері анық көрсетілген. Соңғы және ең озық технологиялар өте қымбат болғандықтан, қазіргі уақытта цифрландырудың жақтаушылары да, қарсыластары да бар. Бұл мақаланың негізгі идеясы инновацияны ынталандыратын икемді оқу ортасын құру болып табылады. Түйін сөздер: білім беруді цифрландыру, шет тілдерін оқыту, цифрлық технологиялар, оқыту әдістемесі, цифрлық трансформация.