ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОЙЫН БИЗНЕСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕЛУ ТӘРТІБІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202511318
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Елімізде лудомания әлеуметтік маңызы бар құбылыс ретінде танылады және оның пайда болуының алғышарттары, таралу процесіне қарсы тұру үшін қажетті шараларды қолдануға әсер етеді. Өйткені, бұл феноменнің әлеуметтік құбылыс екендігін ескерсек, оған әлеуметтік тұстарымен қатар құқықтық жолдармен де қарсы тұру орынды. Бүгінгі таңда еліміз де бұл мәселеге назар аударуды қажет етеді. Олай дейтініміз, құмар ойын ойнайтындар қатары күн санап артуда. Оның алғышарттарына олардың әлеуметтік маңызды құндылықтарды құрайтын әртүрлі деңгейлерінің жиынтығының жоғалуы, тұрақсыздық пен теңсіздік алып келетін жағдайды тудыратын құбылыстарды жатқызуға болады. Бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін дәрежеде болатындықтан, өз деңгейінде қарсы тұруды қажет етеді. Зерттеудің мақсаты, Қазақстандағы ойын бизнесінің заңдық реттелуінің қазіргі жағдайы ғана емес, сонымен қатар ағымдағы мәселелер мен әлеуметтік мүмкіндіктерді де ескере отырып, заңнаманы оңтайландыру жөнінді ұсыныстар келтіру болып табылады. Зерттеуде ойын бизнесінің пайда болуына қатысты заңдық алғышарттарды қарастыра отырып, елімізде құқықтық тұрғыдан реттелуі және лудоманияның алдын алудың тиімді шараларын жасау мүмкіндіктері зерделенеді. Алынған нәтижелер жалғасып жатқан ойын бизнесінің заңдық реттелуіне ықпал етеді, болашақ зерттеулерді әзірлеуге негіз болады. Зерттеу қорытындысы ойын бизнесі саласын зерттеушілер мен мамандарға осы саланың заңдық реттелуі және күрделі тұстары туралы жан-жақты түсінік алуға ықпал етеді. Түйін сөздер: лудомания, ойын бизнесі, құмар ойын, лудоманияның пайда болуы, ойыншы, лудомания себептері.