ЕЛЕН ӘЛІМЖАННЫҢ «ТАҚТАЛАС» КОМЕДИЯСЫНДАҒЫ ҚОҒАМ КӨРІНІСІ (ТРАЙБАЛИЗМ МӘСЕЛЕСІ)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.1-17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі драматургтеріміздің заман талабына сай жаңашылдыққа деген ұмтылысымен ерекшелініп отырғаны зерттелді. Қазақ әдебиеті мен театр өнеріне өткен ғасырдың 70-жылдары келген буынның көрнекті өкілдерінің бірі – жазушы-драматург Елен Әлімжан. Оның шығармаларында жаңа мен ескінің арасындағы айырмашылық қана емес, олардың өзара қақтығысы мен күресі барынша шыншылдықпен суреттеледі. Осындай дүниелерінің бірі – қазақ драматургиясын жаңа деңгейге көтеріп, сахналық едәуір серпіліс әкелген «Тақталас» комедиясы. Бұлай деуіміздің бір себебі – тап осы комедияда өмірде аз кездеспейтін трайбализм мәселесі ашық көтеріледі. Қазақ қаламгерлерінде тәуелсіздік алғанға дейін трайбализм тақырыбын қозғауға мүмкіндік болған жоқ. Қозғалса да өткен дәуірлерді көрсеткен сахналық шығармаларда рулар арасындағы жер дауы, жесір дауы деңгейінде ғана көрініс тапты. Ал, Е.Әлімжанның «Тақталасы» еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдары-ақ трайбализм тақырыбын алғаш рет ашық түрде әлеуметтік-саяси деңгейде көтерген тұңғыш комедия болды. Автор пьесасында қоғамдық бұл дертті тұрмыстық, отбасылық деңгейде қалдырмай, жоғарыда атағанымыздай, әлеуметтік-саяси сатира дәрежесіне көтерді. «Тақталаста» трайбализм дертінің асқынып кеткені соншалық - тіпті мемлекеттік басқару ісіне дейін қалай терең еніп кеткені ащы әжуамен ашылады. Ғылыми мақалада Е.Әлімжанның «Тақталас» пьесасының композициялық жүйесі, әр бөлімдегі көріністің шынайылығы қарастырылып, драматургтың шеберлік қырлары сарапталды. Пьесаның басты идеясына мән беріліп, барлық кейіпкерлерге кеңінен талдаулар жасалды. Қазақ драматуриясындағы комедия жанрының ерекшелігі, соның ішінде Е.Әлімжан көтерген тақырыптың ауқымы, көркемдік шешімі теориялық тұрғыда негізделді.