ҚАТЫН СӨЗІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss1pp104-114
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тіл-тілде сөздің мағынасы өзгереді, дамиды. Сөздің семантикасы тарылса, енді бірде кеңейеді. Тіл білімінде сөз мағынасының жағымды немесе жағымсыз сипатқа ие болуы деген мәселе де арнайы қарастырылады. Сөздің жағымды сипатқа ие болуына байланысты жаман, шіркін, жауыз, шіркін, жынды, сұмдық деген сияқты сөздерді мысал ретінде келтіруге болады. Осылардың ішінде жаман, шіркін деген жағымсыз мәндегі сөздер «көз тимес» үшін айтылып, кейін келе-келе жақсы мағынаға ауысқан. Мәселен, осы күні «тамаша» деген семаға ие «шіркін» сөзінің түпкі мағынасы «жаман» дегенге саяды. Сол секілді балаға көз тимес үшін айтылған «жаман бала» деген тіркестегі «жаман» сөзі де «жақсы» мағынаға ауысып, тіпті кісі есімдерінде Жаман, Жаманбай, Жамантай түрінде айтылып кеткен. Мысалы, түрік тілінде «йаман» деген сөз тек жақсы мәнде айтылса, біздің «керемет» дегенді білдіретін «шіркін» атауымыз «жаман» контексінде жұмсалады. Ал сөз мағынасының жағымсыз сипатқа ие болуы деген мәселеге келсек, осы мақалаға арқау болған қатын сөзі де мағына жағынан ауысуға ұшыраған. Өйткені бұл термин о баста «ханым, ханша, ханшайым» деген жағымды мағынада қолданылып, қазіргі кездері «жаман, кәрі, ұрысқақ әйел» дегенді аңғартатын болған. Осылайша мақалада көне түркі тілінен бері ХХ ғасырдың бастарына дейін жағымды мағынада қолданылған «қатын» сөзінің мағыналық өзгерісінің тарихы қарастырылады. Сөздің қазақтың ұлы ақыны Абайдың тілінде және Алаш қайраткерлері шығармаларында қалай құбылып қолданылғаны талданады. Терминнің жағымсыз мағынаға ауысуындағы себептері ашылып көрсетіледі.