Терминологиялық аталым үдерісіндегі тіл мен ойлаудың біртұтастығы мәселелері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-19-29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тіл зерттелуінің семиологиялық аспектісінің басты мәселесі таңбажасалымы тетігі, таңбалаушы және таңбаланушы біртұтастығы болып саналады. Тілтаным ғылымының дамуы семиология саласының семиозис қандай жағдаяттарда жүргізіліп, сонымен бірге аталған іс-әрекеттер барысында қандай үдерістер жүзеге асырылатынын айқындайтын зерттеулеріне тікелей байланысты. Осы мақала авторлары аталым түрлері және олардың тілдік таңба арқылы белгіленуі үдерістерін альтернативті формалар арқылы қарастыра келіп, атаулар баламалылығын сипаттау кез келген тілдік аталым амал-тәсілін және аталған тәсілдердің бәсекелестік қасиеттерін семиотика бағытында жан-жақты талдауды қажет ететіндігін алға тартады. Терминтанымның қазіргі заманауи тенденциялары терминологиялық аталым үдерісінің кешенді түрде сипатталуына бағытталады да, ол өз кезегінде тіл қолданысы аясына байланысты бір аталым түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Нақты терминжүйе белгілерін анықтау белгілі сала аясына тән терминжасам үдерісінің жете зерттелуінің нәтижесінде ғана мүмкін болады. Бұл мәселенің маңыздылығы осы мақаланың басты мақсаты ретінде алынып, терминологиялық аталымды тәжірибелік талдау негізінде терминжасам үдерісі сипатталады. Мақала авторлары семиотикалық мәселелерді қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі ретінде зерттей отырып, терминологиялық аталым үдерісі ойлау мен тілдің өзара әрекеттестігінің біртұтастығымен тығыз байланыста болатынын көрсетеді.