ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАСТАР ТІЛІ (СЛЕНГ)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.1.76.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры жастар тіліне қатысты сөздермен, атап айтар болсақ, жаргон, арго, сленг бірліктерімен қарқынды түрде толығуда. Бұл, әрине, тіліміздің әлеуметтік-тарихи дамуы кезеңдерімен тығыз байланысты. Тілдің дамуы қандай да бір тарихи кезеңдерден өтсе, ол, алдымен, сол тілдің өзінен көрініс табады және кезеңдерге байланысты өзгеріп отырады, бір мағынадағы сөз әр кезеңде әртүрлі формада қолданылады. Осы мәселелермен байланысты мақаланың мақсаты - қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес келмейтін, белгілі әлеуметтік топтар тілінде ғана қолданысқа ие тілдік қабаттары туралы баяндау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы - тілде жаргон, арго, сленгтің пайда болуын, оған әсер ететін факторларды жан-жақты талдау, тілге әсерін анықтау. Ғылыми мақаланы жазу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылды: сипаттау, салыстыру, салғастыру, лексикографиялық, этимологиялық, эмпирикалық, диагностикалық, статистикалық. Мақаланың өзектілігі - жастар тіліндегі осы бағыттағы лексикалық бірліктерді сауалнама алу арқылы анықтап, олардың қолданылу, пайда болу жолдарын, себептерін, мағыналық ерекшеліктерін зерттеп, белгілі бір тұжырымдар жасауға талпыныс жасау, қазақ тілінің қолданбалылық сипатта зерттелуі. Мақаланың құндылығын төмендегідей тұжырымдармен байланыстыруға болады: 1) тілдік қабаттардың бір-бірінен айырмашылығының ажыратылуы; 2) жастар тіліндегі сленгтердің анықталуы; 3) олардың қалыптасуына ықпал етуші факторлардың саралануы; 4) олардың тілдің дамуына ықпалының талдануы. Мақаланың практикалық маңызы лингвистикалық бағытта білім алушыларға Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, Неология пәндері бойынша теориялық және практикалық материалдар ретінде, сонымен бірге аталған бағытта ізденуші магистранттар мен докторанттарға және ғылыммен айналысатын жастарға ғылыми жұмысына қосымша ғылыми ақпарат ретінде беретін көмегі зор.