МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму жағдайында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының логикалық және ақпараттық мәдениетін дамыту өзекті болып табылады. Бұл педагогтарды ақпараттық қоғамда оңтайлы өмір сүруге дайындау және олардың ақпараттық сауаттылық негіздерін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты. Ақпараттық технологияларды мектепке дейінгі білімге енгізілуінің маңыздылығына қарамастан, көптеген тәрбиешілер логикалық және ақпараттық мәдениеттің шектеулі деңгейіне байланысты оларды тиімді пайдалануда қиындықтарға тап болады.Зерттеудің негізгі мақсаты-мектепке дейінгі ұйым педагогтарының логикалық және ақпараттық мәдениетінің қазіргі жағдайын талдау және оны жақсарту мен білім беру үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерт-теу Атырау қаласындағы No30 «Жұмбақ» балабақшасында жүргізілген сауалнамалар мен бақылаулар негізінде жүргізілді. Талдау ақпараттық технологияларды меңгеруді бағалауды, оқытудың логикалық әдістерін қолдануды және ақпараттық ресурстарды білім беру үдерісіне енгізуді қамтыды.Тәрбиешілердің көпшілігі кәсіби қызметінде интернет-ресурстарды белсенді пайдаланады, бірақ олардың IT дағдыларының деңгейі әр түрлі, күрделі құралдарды қолдану шектеулі. Балалармен жұмыс жасауда қолда-нылатын логикалық ойлауды дамытудың негізгі әдістері және ақпараттық технологияларды біріктіру барысында туындайтын проблемалар анықталды.Зерттеу мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану үшін педагогтар арасында логикалық және ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру қажеттілігін көрсетеді. Мақсатты оқытуды ұйымдастыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және IT-ны білім беру процесіне біріктіруде үдері-сінде педагогтарды қолдау үшін әдістемелік материалдарды әзірлеу ұсынылады.