БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.022
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала биологиялық білім беру арқылы студенттердің практикалық құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Биологиялық білім –бұл болашақ мамандарды даярлауда практикалық дағдылар шешуші рөл атқаратын ерекше сала. Себебі, теориялық білімнен практикалық дағдыларға ауысып жатқан заманауи білім беру контекстінде болашақ биология пәні мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын дамыту үшін тірі организмдерді қолдана отырып практикалық оқытудың маңыздылығына ерекше назар аударылады. Осымен байланысты зерттеу жұмысының мақсаты –биолог-студенттердің жануарларды зерттеу арқылы практикалық құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығын анықтау, сонымен қатар бұл процестің олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және биология саласындағы педагогикалық қызметке дайындалуына әсерін бағалау. Бұл мақала зертханалық жұмыстар, далалық зерттеулер және табиғи ортадағы жануарлармен практикалық сабақтар сияқты практикалық оқытудың әр түрлі әдістерін талдайды. Талдау әдеби дереккөздерді, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру бастамаларын қоса алғанда, білім беру саласындағы өзекті зерттеулерге негізделген. Зерттеу мақсатына жету үшін Қазақстан университеттеріндегі биологиялық мамандықтар студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама студенттердің кәсіби дайындықта жануарларды қолдана отырып практикалық оқытудың маңыздылығына қатысты қалауы мен қабылдауы туралы сұрақтарды қамтыды. Зерттеу нәтижелері студенттерді ғылыми қызметтің заманауи мәселелерін шешуге тиімді дайындау үшін практикалық әдістерді биологиялық мамандықтардың оқу бағдарламаларына біріктірудің маңыздылығын растайды. Сауалнама деректерін талдау білім беру бағдарламаларын жасаушылар үшін құнды ақпарат береді, сонымен қатар биолог-студенттерді оқытуда практикалық компонентті күшейту қажеттілігін қолдайды.