TAMARIX RAMOSISSIMA LEDEB. ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2025.88.69.032
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қызыл жыңғыл (Tamarix ramosissima Ledeb.) өсімдік шикізатының фармацевтика-технологиялық сипаттамаларының сандық көрсеткіштері тәжірибеде анықталды: бөлшектердің орташа мөлшері және фракциялық құрамы, меншікті салмағы, көлемдік салмағы, себілу салмағы, кеуектілігі, бөлектілік, шикізат қабатының бос көлемі, экстрагенттерді сіңіру коэффициенттері, сонымен қоса кейбір сандық көрсеткіштерін зерттеу (экстрактивтік заттар шығымын анықтау, өсімдік шикізатын кептіргендегі масса шығыны, жалпы күлі, ұнтақталу дәрежесі) нәтижелері келтірілді. Алынған деректер қызыл жыңғыл өсімдігінің негізінде экстракциялық препараттар өндірісінің технологиялық процесінде қолданылатын болады.