МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫНЕГІЗІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.82.2.033
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әркезеңде ӛзгеріп отыратын, білім берудің жаңа бағыттары уақыт талабына сәйкес ӛз нәтижесін беретіні мәлім. Солардың бірі STEM технологиясының жаратылыстану бағытында пайда болып, білім берудің барлық саласына енуі деп білеміз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ересек топ балаларына арналған техникаларды меңгертудіңтеориясы мен әдістемесін ұсыну біздің зерттеу жұмысымыздың жаңалығы. STEM ұғымы туралы ғылыми-әдістемелік еңбектер мен зерттеу жұмыстарын зерделеу, STEM технологиясы жӛніндегі ӛз тұжырымымызды жасауға мүмкіндік берді, әрі қарай жалғастыру болашақтың еншісінде. Бұл мақала мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру процесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) технологияларын қолданудың тиімділігін зерттеуге арналған. STEM тәсілі қазіргі ақпараттық қоғамда сәтті бейімделу үшін қажетті негізгі дағдыларды дамыта отырып, осы тӛрт білім саласын біріктіреді.Мақалада STEM-ді мектепке дейінгі білімге енгізу принциптері қарастырылады, осы әдістеменің негізгі артықшылықтары ерекшеленеді. Шығармашылық ойлауды ынталандыруға, логикалық ойлауды дамытуға және проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылады. Педагогтің STEM технологияларын қолданудағы оның ынталандырушы білім беру ортасын құрудағы рӛлін атап кӛрсетеді.Мақала STEM-ді мектепке дейінгі оқу жоспарларына енгізудің практикалық тәжірибесін талдауды қамтиды және зерттеу нәтижелеріне негізделген осы ӛзгерістердің тиімділігіне баға береді. Қорытындыда мектеп жасына дейінгі балалардың білімін тереңірек және тұрақты игеруді қамтамасыз ете отырып, білім беру практикасына STEM-тәсілді интеграциялаудың маңыздылығы атап ӛтіледі, бұл олардың білім беру әлемінде және болашақ кәсіби ӛмірде табысты болуына ықпал етеді.