МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ГЕОЭКОНОМИКА БӨЛІМІН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.80.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХІ ғасыр мұғалімінің басты міндеті, оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуға шақыратын сабақтарды жоспарлайалуы. Ол үшін әрине, оқытудыңозық әдіс-тәсілдерін мең-геруі қажет. Мұғалімнің сабақты жүргізудің көп әдістерді білуі, оның басты қаруы болмақ. География сабағының белсенді өтуі де тікелей мұғалімге байланысты. Оқушылардың әлемді тануы, оны зерттеп білуі географияны танудан басталады. Ал, географиядан алғашқы білімдері мектепте қаланады.Ойын технологиялары білім беру технологияларының құрамдас бөлігі болып табылады. Білім беру процесінде ойын технологияларын педагогика мен практикада қолдану мәселесі бұрыннан өзекті болып келеді. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. ғалымдар ойын теориясын, оның әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік табиғатын, оқушының дамуындағы маңызын зерттеді. Бiлiм алушылардың уәждемесi мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында оқытудың түрлi салаларында ойындарды пайдалану кең тараған. Ойындарды оқытуда пайдалану білім алушылардың проблемаларды шешу, бірлескен қарым-қатынас, стратегиялық ойлау сияқты негізгі құзыреттерін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс-тың мақсаты география сабағында оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдысын қалыптас-тыруда, ойын технологияларын қолдану болып табылады.Бүгінгі таңда, дүниедегі болып жатқан ұлттық экономикалық және саяси өзгерістер мен өзгерістерге бірден әсер етіп отыратын: өндіріс, маркетинг, энергетика, халық, кен орын-дары, сыртқы сауда, көлік, көлік тасымалы сияқты бүкіл дүниежүзілік географияның дерек-теріне талдау жасау мүмкін емес. Бір-бірінен тәуелсіз, ұлттық және халықаралық экономи-калық-саяси қатынастар аясында жаңаұрпаққа әлемдік экономиканың осы біртұтас әрекетін түсіндіру мен түсіндіруді жеңілдететін геоэкономиканы оқытпай, ұлттық даму мен әл-ауқатқа жету де қиын. Дамушы елдер, көптеген дамыған елдер сияқты, әлемдік саясат пен экономикадағы осы қарқынды өзгерістерге бейімделу үшін білім беру жүйесінде жаңа пәндердің жоқтығын мойындады және геоэкономиканы жас ұрпаққа оқытылатын міндетті пән ретінде қабылдады. Демек, оқушылардың геоэкономика туралы терең білуі, болашақта олардың аймақтық немесе ғаламдық проблемаларды түсініп, шешуіне мүмкіндік береді.Мақала жұмысында 10-11-сыныптарда қамтылған «Геоэкономика» бөлімін ойын технологиялары арқылы оқытудың бірнеше әдістері негізделген. Көрсетілген әдістермен оқушыларға тарсырма жұмыстары да келтірілді. Әр тапсырмада оқушылардың жас ерекше-ліктері мен олардың білім деңгейлері ескеріледі. Оқытуда ойын технологиясын қолдану, білім алушыларда географиялық ой қалыптастырып, оқушылардың білім дәрежесін анықтай алады