БИЛІКТІ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj2024109113
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу лауазымдық өкілеттіктерден асып кетуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Жұмыстың негізгі мақсаты – лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланудың типтік нысандары мен тетіктерін анықтау, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің салдары мен ерекшеліктерін талдау. Зерттеу берілген мәселенің әртүрлі аспектілерін, соның ішінде құқықтық, социологиялық және криминологиялық аспектілерді қамтиды. Жұмыста теориялық және эмпирикалық талдау әдістері қолданылады, соның ішінде әдебиеттерге жүйелі шолу, сот практикасын талдау, сарапшылармен сұхбат және статистика. Алынған нәтижелер лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланудың табиғаты мен себептерін тереңірек түсіну, осындай әрекеттердің алдын алу және осы саладағы құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Қоғaмдық билік аппaрaтын құрайтын aдaмдар өз өкілеттіктерінен aсып, азaматтaрдың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян кeлтіретін ұзақ мeрзімді жағдай бүкіл институционалдық жүйeнің жұмысының бұзылуынa, оның тиімділігінің төмендеуіне және, тиісінше, әлеумeттік процeстер мен объeктілерді басқарудың төмендеуіне әкeледі. Сонымен қатар, шенеуніктердің қылмыс жaсaуының бірнеше жағдaйлaры мемлекеттік биліктің беделін түсіруге, оның бедeлінің төмендеуінe әкеледі, нәтижесінде халықтың билік құрылымдарынан бас тартуы орын алады. Түйінді сөздер: функциялар, әлеуметтік-саяси, билікті асыра пайдалану, лауазымдық өкілеттік, мемлекеттік, муниципалдық, біліктілік, сыбайлас жемқорлық, қызметтік, жауапкершілік, құрам, өкілеттік беру.