ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202410919
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қолайлы қоршаған ортаға құқық – бұл ұғым аясы өте кең болып табылады. Азаматтардың қоршаған ортаның қолайлы жағдайына құқығы бүгінде мызғымас әлеуметтік құндылық болып табылады, оның тұрақтылығына Қазақстан Республикасының Конституциясы тікелей кепілдік береді. Заманауи дәуірде цифрлық технологиялардың пайда болуы осы құқықты қолдаудың мүмкіндіктерін ашты. Бұл ғылыми зерттеуде осы саладағы қазіргі ұлттық, халықаралық және шет мемлекеттердің заңнамалық-нормативтік негіздеріне құқықтық баға бере берілген. Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасында қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асырудың аса өзекті мәселелері соңғы жылдары өте қарқынды жүзеге асырылып жатқан цифрландыру контекстінде қарастырылған. Берілген ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында цифрландыру жағдайында қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асыру мәселелерін кешенді және жан-жақты зерттеу болып табылады. Зерттеу жұмысында адамдардың қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асырудың және оны қорғаудың құқықтық мәселелері қарастырылып қана қоймай, шет ел заңнамасымен салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілген. Нақты мақала қолайлы қоршаған ортаға құқықты қорғау саласындағы теориялық білімдерді толықтырады. Авторлар цифрлық жетістіктердің қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде қолданылуын талдай отырып, осы саладағы заңнаманы жетілдіру жолдарын ұсынады. Түйін сөздер: Қоршаған орта, қолайлы қоршаған орта, қолайлы қоршаған ортаға құқықты қорғау.